22:37 Құрметті Текеліліктер және қала қонақтары! | |
Құрметті Текеліліктер және қала қонақтары! Жыл сайын 1 сәуірде жол-көлік және тұрмыстық жарақаттанудың алдын алу бойынша айлық өткізіледі. Жалпы өлім-жітім көрсеткіші ішінде, жарақаттанулардан болатын өлім-жітім жағдайлары, жүрек және онклогиялық аурулардан кейінгі үшінші орында, көбінесе жастар мен еңбекке жарамды жастағы адамдар ұшырайды. Жол-көлік және тұрмыстық жарақаттану - ауырушаңдықтың, мүгедектіктің және өлім-жітімнің алдын алуға болатын себеп. Жарақаттану жағдайлары жолда жүру және қауіпсіздік сақтау ережелерін бұзу салдарынан, өзін-өзі сақтау мідениетінің жоқтығынан, өзінің және қоршаған адамдардың денсаулығына жауапкершіліктің жеткіліксіздігінен болады, соның ішінде, жол-көлік оқиғалары, сұға бату, күйіп қалу, құлау, улану сияқты жағдайлар. Жол-көлік жарақаттанулары – 15-29 жастағы адамдар арасындағы өлім-жітімнің негізгі себепшісі. Алайда, негізгі қатерлі факторларға біріге төтеп беру көптеген жол-көлік жарақаттануларының алдын алады. Оларға келесі ережелер жатады: - Жол қозғалысының барлық қатысушылары жол қауіпсіздігінің ережелерін білуі және оны сақтау; - көлікті тек сау күйінде жүргізу - жылдамдық режимін бұзбау - шлем, қауіпсіздік белбеу және балаларға арналған креслоларды қолдану - көлікті жүргізу барысында және жолдан өткен кезде ұялы телефондарды қолданбау. Суға бату Суға бату әлемде байқаусыз жарақаттанудан болатын өлім-жітім себебептері ішінде үшінші орында. Қауіпсіздіктің негізгі ережелерін сақтамау суға батудың жиі себепшісі болады. Күмәнді су қоймаларында және суға түсуге тыйым салынған жерлерде, мастық күйінде суға түсу себебімен қатар, су ағысының жылдамдығы, иірімдерге түсү, жүрек қан-тамыр ауруларының болуы адамдардың суға батып кету жағдайларының жиі болуына әкеліп отыр. Сонымен бірге, шаршау, сүңгу кезінде алған жарақаттар және температураның күрт өзгеруі суға батудың тағы бір себепшісі болуы мүмкін. Күйіп қалу 1 және 9 жас аралығындағы балалар өлім-жітімнің және балалар жарақатының жиі кездесетін себепшісі болып отыр. Көбінесе күйіп қалу үйде болап жатады. Оны болдырмау үшін қарапайым ережелерді сақтаған жөн.
Жыл сайын әлемде құлау салдарынан 37 млн. адам медициналық көмекті қажет етенін айтарлықтай ауыр жарақат алады. Биіктен құлау 65 жас және одан жоғары жастағы адамдар, 15-29 жас аралығындағы адамдар және 15 жас және одан кіші жастағы балалар арасында ең көп таралған. Жоғары қауіп-қатер тобына балалар жатады. Ол көбінесе балалық шаққа тән білуге құмарлықтың, қатерлі мінез-құлықтың нәтижесінде болып жатады. Улану - ағзаға улы заттың түсуінен болатын ағза қызметінің бұзылуы немесе ауруға шалдығуы, уландырғыш заттардың әсерінен болатын адам ағзасы жүйесінің және мүшелер жұмысының бұзылуы. Әт түрлі заттар уланудың себепшісі бола алады, алайда көбінесе мыналар:
Есіңізде болсын! Қауіпсіз мінез-құлық ережелерiн бұзу - денсаулығыңыз үшін қауіпті! | |
|
Всего комментариев: 0 | |