ШЖҚ «Текелі қалалық ауруханасы» МКК

«Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы»  ММ

Мекен-жайы:  Текелі қаласы,

Тәуелсіздік көшесі, 25

 

ШЖҚ «Текелі қалалық ауруханасы» МКК

директордың емдеу ісі жөнінде орынбасары

Ван Маргарита Сюгоевна

Телефон нөмірі: 8 (72835) 4 45 99

Сәлеметсіз бе!

Сізді ШЖҚ «Текелі қалалық ауруханасы» МКК

Емдеушілерді Қолдау Қызметі (ішкі аудит қызметі) қошеметтейді!!!

Емдеушілерді Қолдау Қызметінің мақсаты – түйінді мәселелерді анықтау және медициналық жәрдемді көрсету сапасын одан әрі жақсарту.

Егер Сіз төменде келтірілген жағдайға ұшырасаңыз:

- медициналық жәрдемді көрсету сапасына қанағаттанбасаңыз;

- медициналық қызметкер жағынан дөрекі қылық көрсеңіз;

- тегін медициналық көмектін кепілді көлемін көрсету барысында медициналық қызметкердің көрсеткен жәрдеміне ақшалай қаржыны бопсалаушылық жағдайларына кездессеңіз;

- сонымен қатар медициналық жәрдем көрсету тәртібі мен сапасына байланысты басқа да түйінді мәселелерді кездестірсеңіз,

 Емдеушілерді Қолдау Қызметіне жүгінуңізді өтінеміз.

Сіз өзіңіздің жүгінуңізді жазба түрде аты-жөніңізді, байланыс мәліметтерін (телефоныңызды, мекенжайыңызды) біздің аурухананың кіре берісінде орналасқан жүгіну жәшігіне  қалдыруыңызға болады. Сонымен бірге біздің сайытымызға http://gbtekeli.do.am/ , бас дәрігер блогына жүгінуңізге болады.

Емдеушілерді Қолдау Қызметі Сіздің жүгінуңізді мүмкіндігінше қысқа мерзімде қарастырады және

5 күнтізбелік күннен кеш емес уақытта оның нәтижесі бойынша ақпаратты Сізге ұсынады.

Емдеушілерді Қолдау Қызметіне емдеудегі емделушілердің өзі де,

сонымен қатар оның туыстары да жүгінуге құқылы.

Біздің ұйымның көрсеткен медициналық көмегінің сапасын жақсартуға көмектесетін

Сіздің жүгінулеріңіз, ұсыныс-тілектеріңіз үшін Сізге алғыс білдіреміз.

Т.А.Ә *:
Сіздің E-mail *:
Хат тақырыбы *:
Хабарлама мәтіні *:
Қауіпсіздік коды *: