Кан Олег Станиславович

 

1951 жылы туған, корей, білімі – жоғары.

Семей мемлекеттік медициналық институтты 1974 жылы бітірді. 1974-1975 жж. бір жылдық интернатураны өтті. Интернатураны бітіргеннен кейін 1975 жылдан Текелі қаласының орталық қалалық ауруханасында уролог-дәрігер болып жұмыс істейді.

Жоғары санатты уролог-дәрігер. Қалалық маслихаттың I-II шақыруының депутаты, Қазақстан Республикасы дәрігерлері мен провизорларының  II съездінің делегаты, «Отан» партиясының қалалық ұйымының саяси кеңесінің мүшесі, қалалық сайлау комиссиясының төрағасы, «Қазақстан корейлерінің ассоциациясы» Алматы облыстық филиалының басқарма мүшесі, Текелі қаласының корей мәдени орталығының төрағасы.

2001 жылы «Денсаулық сақтау ісінің үздігіне» омырау белгісімен марапатталды.

2005 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздіне – 10 жыл» мерейтой медалімен марапатталды.

2005 жылы – «Шапағат» медалінің иегері

1992 жылғы 18 мамыр – 2010 жылғы 09 наурыз «Текелі қаласының қалалық ауруханасы»  МҚК-ының бас дәрігері.

2010 жылғы 09 наурыздан осы мезгілге дейін – «Текелі» профилакторийінің директоры.

 

Егембердиева  Майра  Абдикаликовна

1961 жылы туған, қазақ, білімі – жоғары.

Алматы мемлекеттік медициналық институтын 1985 жылы бітірді.

1985-1956 жж. бір жылдық интернатураны өтті. Интернатураны бітіргеннен кейін 1986 жылдан Текелі қаласының орталық қалалық ауруханасының цехтық терапевт-дәрігері болып жұмыс істейді. 1996 жылдың 1-ші қырқүйегінен терапиялық бөлімшенің меңгерушісі болып тағайындалды.

11.02.1997 ж. – бас дәрігердің медициналық бөлімі жағынан орынбасары

15.12.1999 ж. – «Алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем орталығы» МДМ директоры

01.07.2000 ж. – емхана меңгерушісі

02.03.2001 – 2005 жж. – бас дәрігердің емдеу ісі жөнінде орынбасары

2005 жылдан осы мезгілге дейін – Алматы облысы бойынша ОДБ-ының профилактикалық-емдеу бөлімінің бастығы.

 

Мильштейн Марк  Кельманович

1923 жылы туған, еврей, білімі – жоғары.

Одессаның медициналық институтын бітірген.

1950-2000 жж. қаланың жетекші  хирургы, хирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі, ҰОС-ына қатысушы, соғыс ордендерімен және медальдерімен марапатталған, денсаулық сақтау ісінің Үздігі, каланың құрметті азаматы. 2000 жылы қала халқының денсаулығын сақтау ісінде сіңірген еңбегі үшін «Ерен Еңбегі үшін» медалімен марапатталды. 2010 жылы 9 мамырда қайтыс болды.

 

Калябин Кяшаф Зарифович

1951 жылы туған, татар, білімі – жоғары.

Семей медициналық институтын бітірген.

1975-2007 жж. калалық ауруханада  хирург-дәрігер, хирургиялық бөлімшенің менгерушісі.

2007 жылы қайтыс болды.

 

Бакиев Абдрахман Жаканович

1947 жылы туған, қазақ, білімі – жоғары.

1971 жылы Алматы медициналық институтын бітірген.

1972-2001 жж. - хирург-дәрігер, хирургиялық бөлімшенің меңгерушісі.

2001 жылы қайтыс болды.

Бакиев А.Ж, Мильштейн  М.К, Калябин  К.З
 

Бакиев А.Ж,Сагимбаев А.С, Найман  А.К, Калябин К.З, Макаров А.П,Кунгуров А.В,

Абдулин  З.С, Мильштейн М.К.

 

Машковская Пелагея Евменовна

1929 жылы туған, орыс, білімі – жоғары.

Алматы медициналық институтын 1954 жылы бітіргеннен кейін Текелі қаласына таратып бөлу бойынша учаскелік педиатр-дәрігері ретінде жіберіледі. 1961 жылдан қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері болып тағайындалған.

 

Штилькинд Эсфирь  Абрамовна

1925 жылы туған, еврей, білімі – жоғары.

Одессаның медициналық институтын бітірген.

Бітіргеннен кейін 1950 жылы таратып бөлу бойынша Қазақстанға – Текелі қаласына жіберіледі.

1950-2000 жж. - педиатр-дәрігер, балалар емханасының менгерушісі ретінде жұмыс істейді.

2009 жылы қайтыс болды.

Машковская  П.Е,  Штилькиндт Э.А

 

Попова Вера Григорьевна

1928 жылы туған, орыс, білімі – жоғары.

Алматы медициналық институтын бітірген.  Таратып бөлу бойынша 1953 жылы Текелі қаласына жіберіледі. Балалардың жұқпалы аурулар дәрігері, жұқпалы аурулар бөлімшесінің меңгерушісі болып жұмыс істейді.

 

 

Куприянова Мария Константиновна

1933 жылы туған, орыс, білімі – жоғары.

1958 жылы Алматы медициналық институтын бітірген.

1958-1983 жж. Текелі қаласының балалар емханасында учаскелік педиатр болып жұмыс істейді

1983 жылы қайтыс болды.

 

Стрелкова  Валентина Ивановна

1936 жылы туған, орыс, білімі – жоғары.

1952 жылдан институт бітіргеннен кейін Текелі қаласының қалалық аурухасында хирург-дәрігер болып жұмыс істейді. 1955 жылдан №1 МСБ-інің бас дәрігері. ҚазССР-інің Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен марапатталған, еңбеқ сіңірген дәрігер атағы берілген.

 

Мачехелян Мария Даниловна

1941 жылы туған, армян, білімі – жоғары.

Волгоград медициналық институтын бітірген. Бітіргеннен кейін 1957 жылы Текелі қаласына жұмысқа жіберілген. №1 МСБ-інде акушерлік-гинекологиялық бөлімшенің меңгерушісі болып жұмыс істеген. 1963 жылдан қалалық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі қызметіне ауыстырылған. Денсаулық сақтау ісінің Үздігі белгісімен марапатталған.

 

Дегтярева Лидия Андреевна.

1946 жылы туған, орыс, білімі – жоғары.

Медициналық институтты бітіргеннен кейін Текелі қаласында учаскелік дәрігер болып жұмыс істеген.

 

Пелягина Изольда  Константиновна

1941 жылы туған. Медициналық институтты бітіргеннен кейін Текелі қаласына жұмысқа жіберілген. 1957 жылдан рентгенолог-дәрігер болып жұмыс істейді. 1969 жылдан – физиотерапевт.

 

Тихов Виктор Николаевич.

1954 жылы туған, орыс, білімі – жоғары.

Семей медициналық институтын  1977 жылы бітірген. 1977-1978 жж. – Текелі қаласының қалалық ауруханасында интернатура өткен. 1978-1979 жж. – Талдықорған әскери госпиталінде терапевт-дәрігер. Талдықорған педиатрлық институтында дәріс берген. «Жедел жәрдем» дәрігері болып жұмыс істеген.

1979-1999 жж. Текелі қаласының қалалық ауруханасында ЛОР-дәрігер болып істеді.

1999 жылы қайтыс болды.

 

Тихов В.Н, студент.

Агзамов  Фарид  Машурович.

1961 жылы туған, татар, білімі – жоғары.

Томск мемлекеттік медициналық институтын 1985 жылы бітірді.

1988-2008 жж. Текелі қаласының қалалық ауруханасында жарақат  емдеуші хирург-дәрігер болып еңбек етті.

2008 жылы қайтыс болды.