Главная » 2013 » Июль » 23 » Қырғызстанға жердің бір бөлігі өткендігі туралы мәлімдеген шенеунік қызметінен босатылды
14:04
Қырғызстанға жердің бір бөлігі өткендігі туралы мәлімдеген шенеунік қызметінен босатылды

Өткен аптада Жуалы ауданы әкімінің орынбасары Бесбай Қансейіт Қырғызстанға жердің бір бөлігі суға айырбас ретінде берілгенін хабарлаған еді.

"Қырғыз ағайындардың бүгінгі талап-тілектері жоғары болды. Мына скотопрогоннан малымызды айдап өтейік деген талап қойып отыр. Оны, меніңше, орындауға болады деп ойлаймын. Бұлардың, әрине, сұранысы 4 жарым мың гектар "Үлкен клинды" ашып тастау еді. Солардың сұранысы бойынша 1 жарым мың гектар жерді мал жаюға и малды өздерінің жайылымнан айдап өтеуге келісім бердік", - деген еді ол.

Естеріңізге салайық, шілденің 7-сі күні қырғыздар Қазақстанға су жеткізіп тұрған трансшекаралық каналды бөгеп тастаған. Салдарынан Жуалы ауданының жұрты 11 күн бойы  сусыз қалып, 150 қожалықтың егіні қурап кете жаздады.

Ал шын мәнінде, 1,5 гектар жер мал жаюға ғана берілген. Енді жалған ақпарат таратқаны үшін шенеунік қызметімен қоштасатын сыңайлы.

"Беспай Қансейіт, ол кісі ертеңнен бастап өз лауазымынан босатылады. Себебін сіздер білесіздер, өткен аптадағы берген ақпарат шындыққа сәйкес емес, сондықтан қателік жібергені үшін жұмыстан босатылады. Ешқандай жерді біз Қырғызстанға берген де жоқпыз, бермейміз де", - деді Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Асқар Жалдинов.

Айта кетейік, Қазақстан мен Қырғызстан мемлекеттік шекараны делимитациялау туралы мәселені үкіметаралық комиссияның отырысында жабық тәртіпте талқылайды. Қырғызстан тарапынан арнайы өкіл ретінде Құрманбай Искандаров тағайындалды.
 

Категория: Новости | Просмотров: 632 | Добавил: Charodey | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]