Главная » 2017 » Апрель » 20 » Құрметті Текеліліктер және қала қонақтары!
22:37
Құрметті Текеліліктер және қала қонақтары!

Құрметті Текеліліктер және қала қонақтары!

Жыл сайын 1 сәуірде жол-көлік және тұрмыстық жарақаттанудың алдын алу бойынша айлық өткізіледі. Жалпы өлім-жітім көрсеткіші ішінде, жарақаттанулардан болатын өлім-жітім жағдайлары, жүрек және онклогиялық аурулардан кейінгі үшінші орында, көбінесе жастар мен еңбекке жарамды жастағы адамдар ұшырайды.

Жол-көлік және тұрмыстық жарақаттану - ауырушаңдықтың, мүгедектіктің және өлім-жітімнің алдын алуға болатын себеп. Жарақаттану жағдайлары жолда жүру және қауіпсіздік сақтау ережелерін бұзу салдарынан, өзін-өзі сақтау мідениетінің жоқтығынан, өзінің және қоршаған адамдардың денсаулығына жауапкершіліктің жеткіліксіздігінен болады, соның ішінде, жол-көлік оқиғалары, сұға бату, күйіп қалу, құлау, улану сияқты жағдайлар. 

Жол-көлік жарақаттанулары – 15-29 жастағы адамдар арасындағы өлім-жітімнің негізгі себепшісі. Алайда, негізгі қатерлі факторларға біріге төтеп беру көптеген жол-көлік жарақаттануларының алдын алады. Оларға келесі ережелер жатады:  

- Жол қозғалысының барлық қатысушылары жол қауіпсіздігінің ережелерін білуі және оны сақтау;

- көлікті тек сау күйінде жүргізу

- жылдамдық режимін бұзбау

- шлем, қауіпсіздік белбеу және балаларға арналған креслоларды қолдану

- көлікті жүргізу барысында және жолдан өткен кезде ұялы телефондарды қолданбау. 

Суға бату

Суға бату әлемде байқаусыз жарақаттанудан болатын өлім-жітім себебептері ішінде үшінші орында. Қауіпсіздіктің негізгі ережелерін сақтамау суға батудың жиі себепшісі болады. Күмәнді су қоймаларында және суға түсуге тыйым салынған жерлерде, мастық күйінде суға түсу себебімен қатар, су ағысының жылдамдығы, иірімдерге түсү, жүрек қан-тамыр ауруларының болуы адамдардың суға батып кету жағдайларының жиі болуына әкеліп отыр. Сонымен бірге, шаршау, сүңгу кезінде алған жарақаттар және температураның күрт өзгеруі суға батудың тағы бір себепшісі болуы мүмкін.

Күйіп қалу 1 және 9 жас аралығындағы балалар өлім-жітімнің және балалар жарақатының жиі кездесетін себепшісі болып отыр. Көбінесе күйіп қалу үйде болап жатады. Оны болдырмау үшін қарапайым ережелерді сақтаған жөн.

  • Төсекте жатып шылым шекпеңіздер.
  • Өрт сөндіргішті ас үйдің жанында сақтап, оны жыл сайын тексеріп тұрыңыз. Онымен қолдануды үйреніңіз. Егерде табада ет немесе май жана бастаса отты қақпақпен сөндіріңіз.  
  • Тазалайтын ерітінділер мен бояуларды  желдетіп тұратын бөлмеде және балалардың қолы жетпейтін жерлерде арнайы контейнерлерде сақтаңыздар.
  • Фейерверктерді қолданбаңыздар. Оларды қолданбас бұрын қауіпсіздік туралы ойланыңыздар.
  • Балаңызға сіріңкені, отты, электрқұралдарын және химикаттарды қалай қолдану керектігін үйретіңіз. Баланы көтеріп тұрып шылым шекпеңіз немесе ыстық суйық заттарды ішпеңіз, өйткені бала кенеттен қозғалуы кезінде күйіп қалуы мүмкін.
  • Ыстық тамақты немесе суйық заттарды баланың қолы жетпейтін жерлерге қойыңыз.
  • Электр сымдарына қолжетімділігін шектеңіз.
  • Қысқа толқынды пештен ыстық заттарды алуға рұқсат етпеңіз.

Жыл сайын әлемде құлау салдарынан 37 млн. адам медициналық көмекті қажет етенін айтарлықтай ауыр жарақат алады. Биіктен құлау 65 жас және одан жоғары жастағы адамдар, 15-29 жас аралығындағы адамдар және 15 жас және одан кіші жастағы балалар арасында ең көп таралған. Жоғары қауіп-қатер тобына балалар жатады. Ол көбінесе балалық шаққа тән білуге құмарлықтың, қатерлі мінез-құлықтың нәтижесінде болып жатады.

Улану - ағзаға улы заттың түсуінен болатын ағза қызметінің бұзылуы немесе ауруға шалдығуы, уландырғыш заттардың әсерінен болатын адам ағзасы жүйесінің және мүшелер жұмысының бұзылуы.

Әт түрлі заттар уланудың себепшісі бола алады, алайда көбінесе мыналар:

  • Дәрі – дәрмектік препараттар
  • Жануарлардан және өсімдіктерден алынатын улы заттар;
  • Тұрмыстық химияның уландырғыш заттары және өндірістік улы заттар;
  • Бау – бақшаларда қолданатын тыңайтқыштар және улы химикаттар;
  • Темекі және алкоголь;
  • Сапасыз және мерзімі өтіп кеткен азық – түлік өнімдері.

Есіңізде болсын! Қауіпсіз мінез-құлық ережелерiн бұзу - денсаулығыңыз үшін қауіпті!

Категория: Объявления | Просмотров: 493 | Добавил: Charodey | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]