Главная » 2018 » Май » 16 » Мен салауатты өмір салтын ұстанамын!
11:07
Мен салауатты өмір салтын ұстанамын!

Ағымдағы жылдағы мамыр айының 15-ші жұлдызында Текелі қаласында Мәдениет үйі алаңында «Мен салауатты өмір салтын ұстанамын!» атты кең ауқымды акция өткізілді.

     Бұл іс-шара қала тұрғындарын хабардар етуді жетілдіру мақсатында Алматы облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының, Текелі қалалық ауруханасының бастамасымен, Текелі қалалық әкімдігінің қолдауымен, темекі шегудің зияндылығы және салауатты тамақтану мен дене белсенділігінің пайдасы туралы профилактикалық жұмыс мәселелері жөнінде  өткізілді.    

    Акция шеңберінде Мәдениет үйі алаңында медициналық қалашық құрылды. Медициналық қалашықта ЖТД дәрігері Берікболова Г.Ж., СӨС дәрігері Муминов С.А., психолог Мухаметкаримова И.З. кеңес өткізді. Сонымен қатар Алматы облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары қала тұрғындарының белсене қатысуымен «Темекіні алмаға алмастыр!» акциясын өткізді. Жастардың қатысуымен Мәдениет үйі алаңында «Қазақстан жастары салауатты өмір салтын ұстанады!», «Біз нашақорлыққа, темекі шегуге қарсымыз!», «Біз спорт пен денсаулықты қолдаймыз!» ұрандарымен флешмоб ұйымдастырылды.

     Алматы облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының өкілі А.А.Шарипбаева қала тұрғындарына  «Салауатты тамақтану пирамидасы» таныстырылымын (презентация)  ұсынды. Сыдыкбекова М.А. негізінен салауатты өмір салты туралы өз білімдерін көрсетіп, сый-сияпатын алған жастардың қатысуымен салауатты өмір салтының аспектілері бойынша викторина өткізді.

     Акцияның соңында барлық қатысушылары мен көрермендер  осы күнге күш беретін гимнастикалық жаттығулар кешеніне үлкен ынтығушылықпен қатысты.

Категория: Новости | Просмотров: 606 | Добавил: Charodey | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]