Главная » 2013 » Июль » 26 » Марченко теңгенің құнсыздануы туралы ақпаратты жоққа шығарды
08:29
Марченко теңгенің құнсыздануы туралы ақпаратты жоққа шығарды

Ұлттық банк АҚШ долларына қатысты теңгенің құнсыздануы туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Фото: gazeta.kz
Фото: gazeta.kz

"Теңгенің девальвациясы, яғни, 2009 жылдың ақпанынан бері ұлттық валютаның тағы да құнсыздануы туралы сыбыстар бір тыншып көрген емес. Сондықтан, бұл жолы алып-қашпа әңгімелерге ешқандай орын жоқ", - деді еліміздің бас банкирі.

Кезекті онлайн-конференциясын өткізген Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко теңгенің құнсыздануына қатысты қойылған сауалдарға жауап бере келіп, Қазақстан макроэкономикалық тұрақты және қолайлы сыртқы экономикалық конъюнктура жағдайында деп есептейді.

"2013 жылғы маусымның басында теңгенің нақты тиімді айырбас бағамының барлық шетелдік валюталарға қатысты индексі 2009 жылдың ақпанымен салыстырғанда 1,8 пайызға өсті. Бұл отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігі сақталып отырғанын көрсетеді. Ресейлік рубльге қатысты индекс 16,2 пайызға төмендеді, бұл қазақстандық өндірушілер үшін бәсекелік жағдайдың елеулі жақсарғанын және өзара бағамдарды өзгертуде қор бар екенін көрсетеді", - деді ол.

Онлайн-конференция ғаламтор пайдаланушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Ұзақ уақыттан бері еңбек демалысында жүрген Григорий Марченко зейнет жасын ұлғайтуға байланысты бастама төңірегіндегі сауалдарға басқа қырынан жауап берді.

Яғни, жинақталған зейнетақы активтері алдағы уақытта экономикаға жұмыс істесе деген мәселеге жұрт назарын аударуға тырысты. Конференцияда Ұлттық банктің қазіргі қызметі, білікті мамандар тапшылығы және елдегі экономикалық даму үдерісінің қырлары талқыға түсті.

Айта кетейік, Григорий Марченко өзінің қызметтен босайтындығы және оның орнына Болат Жәмішевтің келетіні туралы болжамдарға көңіл аудармады. Ол бұл сұрақтарды жай ғана жауапсыз қалдырды.

Категория: Новости | Просмотров: 612 | Добавил: Charodey | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]