Главная » 2015 » Март » 18 » Иммундау - жұқпалы аурулардан қорғанудың ең сенімді тәсілі.
10:01
Иммундау - жұқпалы аурулардан қорғанудың ең сенімді тәсілі.

Иммундау - жұқпалы аурулардан

қорғанудың ең сенімді тәсілі.

Вакцинация – бұл балаларды және ересектерді жұқпалы аурулардан алдын алудың ең жоғары, тиімді тәсілі. Жалпы вакцинацияны тәжірбиеге енгізудің нәтижесі сырқаттанушылықтың пайда болу жиілігінің төмендеуіне әкелді. 

Иммунопрофилактика сұрақтары 200 жыл бұрын, шешек жұқпасына қарсы вакцина шығарылғанда пайда болған. Вакцинаны қолдану аталған жұқпадан сырқаттанушылықты және өлім жағдайын бірден төмендетті.  Сондай – ақ вакцинаның қолданылуы қауіпті жұқпалы ауруларды төмендетіп  ғана қоймай, мүлдем жоюға да көмегін тигізді. Осыған өлім жағдайына дейін жеткізген шешектің жойылуы ең нақты дәлел бола алады, яғни сырқат жойылғаннан кейін иммундау да тоқтатылған.

Мемлекеттік вакцинация бойынша саясат екпені қолжетімді дәрежеге дейін жеткізді. Әр – бір бала күнтізбеге енгізілген екпелермен жергілікті мекен – жайлары бойынша емханада, ақысыз түрде егіле алады.

Вакциналардың әр – бір түрі ағзаға әр-түрлі тәсілмен салынады. Бұл ішке қабылданатын инъекция және тамшы болуы мүмкін. Вакцинаның тімділігі салу тәсіліне байланысты емес.    

Вакциналардың да басқа да дәрілік заттар секілді жағымсыз әсерлері мен қарсы көрсетілімдері бар. Көбінесе жағымсыз әсерлер мен қарсы көрсетілімдер байқала бермейді. Клиникалық тәжірбеге берілгенге дейін вакцинаның қауіптілігі мен пайдалылығына өте жоғары көңіл бөлінеді, препарат дені сау адамдарға жасалады, асқынудың жоғары қауіптілігі мен кері әсерлері болмау керек.    

Егер асқынулар туралы айтатын болсақ, миллиондаған балалар асқынусыз иммундаумен қамтылуда және жұқпалы аурулардан қорғануда. Екпеге қарапайым әсер бар, бірақ ол табиғи құбылыс, себебі енгізілген препаратқа жауап ретінде ағзада иммунитет қалыптасады, сондықтан әсер қалай да байқалуы қажет. Кейбірінде дене қызуы көтеріледі, кейбірінде екпе салған орнында қызару немесе тығыздану пайда болады. Барлық көрсетілген жағымсыз әсерлер өздігімен кетеді, жиі медициналық көмекті қажет етпейді. 

Екпеден кейінгі асқыну өте сирек кездеседі. Бұл неврологиялық асқынулар (құрысу), айқын аллергиялық реакциялар (анафилактический шок). Бұл асқынулар тез арада медициналық көмектің көрсетілуін қажет етеді.

Бүгінгі күнге екпеден бас тартушылар саны көбеюде. Неліктен ата – аналар балаларын ектіртуден бас тарта бастаған? Ия себебі, бізде ұзақ уақыттан бері дифтерия, туберкулез жұқпаларының эпидемиясы туралы ешкім естіген жоқ. Адамдар аталған жұқпалы аурулардан қорықпайтын болған, сондықтан да екпеден батыл бас тартады. Ешкім сырқаттанбайды деп ойлайды.

  Екпеден бас тартқан ата – аналар жиі ғаламтордағы ақпараттарға сүйенеді. Бірақ ол жерде арнайы мамандардың пікірлері жиі айтылмайды. Ғаламтор жүйесі бақылаусыз және жауапсыз ақпараттармен толтырылған, оны ешкім тексермейді, ал адамдар сенгіш болып келеді. Екпе жүргізген қауіпті деген бекім, дәйексіз және негізсіз. Кейбір ата – аналар Европа елдерінде балаларды екпейді дейді. Бірақ олай емес. Біздің медициналық ұйымдарға келгенде, шет елдіктердің қолдарында үнемі егу туралы құжаттары болады. Ал біз вакциналарды дәл сол Европа елдерінен сатып аламыз, себебі дәл сол жақта жасалып шығарылады. 

 Екпеден жаппай бас тартудың нәтижесі әлемнің әр – түрлі елдерінде эпидемияға әкеліп соқтырды. 90-шы жылдары Англияда көкжөтелге қарсы екпеден бас тартты, бірақ бір жарым жылдан кейін ектіруге қайта келді, себебі балалар ауырған және өлім жағдайына ұшыраған. 2010 жылы Тәжікстанда полиомиелит сырқаттанушылығының 400-ден аса жағдай тіркелді, оның ішінде 20 жағдай өліммен аяқталған. 2010 жылы Орта Азия аймағында полиомиелиттің эпидемиясы болды. Оның ішінде біздің елде сырттан енгізілген бір жағдай тіркелді. Бірақ балаларды полиомиелитке қарсы жоспарлы және қосымша иммундаудың арқасында біздің елімізде жұқпалы аурулар кеңінен таралған жоқ.

Дамыған әлемде қандайда бір сырқаттанушылыққа қарсы екпенің жүргізілмеуі мүмкін, егер ол сырқаттанушылық көп уақыттан бері тіркелмеген болса.  Бірақ қазіргі уақытта ата – аналардың кішкентай балаларымен барлық елдерде белсенді саяхаттайтынын естен шығармауымыз қажет. Сондықтан да қандай да бір вирустың «әкелінуі» жоққа шығарылмайды. Әрине, осындай жағдайда екпемен қамтылмаған баланың сырқаттану қаупі жоғары келеді.

Сондай – ақ адам өзі ауырмайды, бірақ айналасындағыларды жұқтыруы мүмкін - бактериотасымалдаушылық деген ұғым бар. Биотерроризмді ескеріп, қауіптілігін де естен шығармауымыз қажет.

Қазақстан Республикасы Еуропа аумағының қақ ортасында орналасқандықтан, күнделікті жұқпалы аурулардың сырттан енуінің қаупі де зор. Осыған орай иммунопрфилактика саласындағы мемлекеттік саясат ең басты алдын алуға бағытталған, ал сырттан жұқпалы ауру енгізілгенде басты мақсат жұқпаның таралуына жол бермеуге және жұқпаны жоюға бағытталады. Вакцинацияның тиімділігі екпені уақытылы және толық алуға тікелей байланысты. Иммундау көрсеткішінің төмендеуі жұқпалы ауруларды қабылдағыш адамдардың көбеюіне әкеліп соқтыруы мүмкін, соның нәтижесінде сырқаттанушылықтың бұрқ етпе жағдайлары туындайды.

 Біздің заманымызда екпесіз өмір сүруге бола ма деген сұраққа нақты дәлелденген жауап бар: жоқ, болмайды. Біріншіден, қоршаған әлемде жұқпалы аурулардың қоздырғыштары бар, оның ішінде тек зертханаларда сақталатын аса қауіпті жұқпалы аурулар да бар. Жұқтыру жағдайының болмауы мүмкін емес. Екіншіден, адамда жұқпаларға қарсы тұратын жеткілікті табиғи иммунитет жоқ. Үшіншіден, көптеген жұқпалы аурулардың емі жоқ, сондықтан жаңа заманның препараттарымен алдын – алу әлдеқайда тиімді және қауіпсіз. Қазіргі кезде пайдаланғаннан кейін асқынулар өте сирек жағдайда кездесетін вакциналар қолданылады.

Екпелердің бекітілген жалпы күнтізбесі бар, бірақ әр – бір бала жеке қаралады, екпе салар алдында әр-бір бала міндетті түрде тексеріледі. Әрқашан екпелердің варианттары бар және әр – бір бала денсаулық жағдайына сәйкес жеке егіледі.

Екпелер – бұл жұқпалы аурулардан сақтанудың жалғыз сенімді жолы. Біздің балаларыңыздың да қорғалуға құқығы мен мүмкіндігі бар.

 

 

Дәрігер эпидемиолог: Густова А.А.

Категория: Объявления | Просмотров: 2070 | Добавил: Charodey | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]