Главная » 2015 » Май » 4 » Емхана таңдауы өз қолыңызда!
16:21
Емхана таңдауы өз қолыңызда!

Мынадай жағдайды елестетіп көрейік: сіз бір мекенжайда тіркелгенсіз, ал шын мәнісінде басқа қалада, ауданда немесе қандай да бір басқа аумақтық бірлікте тұрасыз делік. Бұндай жағдайларда қазақстандықтар көптеген басқа жағдайлармен бірге медициналық қызмет көрсету мәселесімен де бетпе-бет келеді. Тіркелу орны бойынша сіз жатпайтын емханада емделуге бола ма? Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы ҚР Кодексіне енгізілген өзгертулер нәтижесінде бұл мүмкін болды. 2011 жылдан бастап ҚР азаматтарына пациенттің дәрігер мен емхананы еркін таңдау құқығы берілді.

ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес азаматтарды емханаға бекіту тұрақты немесе уақытша тұру орны, жұмыс, оқу орны бойынша дәрігерді, бір қала, кент шегіндегі медицина ұйымын еркін таңдау құқығын ескерумен жүзеге асырылады. Осылайша азамат емханаға тіркелу мекенжайы бойынша да, нақты тұратын мекенжайы бойынша да тіркеле алады.  

Тұрақты немесе уақытша қызмет көрсетуге арналған емхананы таңдауда бірінші кезекте оның сіздің үйіңізге орналасу жақындығын басшылыққа алу қажет. Емхана неғұрлым жақын болса, тек сіз ғана емес егер сіз үйге шақырған болсаңыз емдеуші дәрігеріңіз де тез жететінін естен шығармаңыз. Осы жерде дәрігерді үйге тек тіркелу орны бойынша жататын емханадан ғана шақыруға болатынын атап өтеміз.  

Жаңа емханаға бекітілу тәртібі

Сонымен сіз емхананы таңдадыңыз, енді оған қалай бекітілу керек? Бәрінен бұрын сол емханада қанша адамға қызмет көрсетілетінін және емхананың адамға толы, толы еместігін нақтылау қажет? Себебі сізге осы емханаға тіркелгендер санының шамадан тыс болуына байланысты бекітуден бас тартуы мүмкін. Ереже бойынша, емханаға бекіткенде алдымен тіркелу орны бойынша қатысты халықты тіркейді.

Екіншіден адам тек бір емханада ғана тіркеле алады, бірнеше емханада біруақытта тіркелу мүмкін еместігін білген жөн. Осылайша басқа емханаға бекітілу үшін алдымен бұрынғы емханадан бекітуден шығу керек. Бұл үшін емхана әкімшілігіне жүгініп, жеке куәлік немесе туу туралы куәлікті көрсету қажет. Бекітуден шыққанда сіз емхананы ауыстыратыныңыз туралы хабарлайсыз, сіздің амбулаторлық картаңызда ауысу туралы белгі жасайды, одан кейін сізге бекітуден шығу талонын және амбулаторлық картаны береді.

Басқа емханаға тіркелу үшін сізге мыналар қажет:

еркін түрде өтініш жазу;

баланың туу туралы куәлігін  көрсету;

бекітуден шығу талонын, амбулаторлық картаны және мекенжай анықтамасын тапсыру.

Егер сіз жалға алынатын пәтерде тұрсаңыз мекенжай парағының орнына сіз жалдау шартын ұсына аласыз, бірақ егер мысалы туысқандарыңыздың үйінде тұрсаңыз уақытша тіркелу қажет.

Азамат дәрігерді және емхананы еркін таңдауда  емханаға бекіту және бекітуден шығару жылына бір реттен артық емес жүзеге асырылады.

Денсаулық жағдайы бойынша емханаға өздігінен келу мүмкіндігі жоқ тұлғаларды бекіту клиника мекенжайына олардың жазбаша жүгінуі бойынша жүргізілуі мүмкін. Егер сіз емханаға портал «электрондық үкімет» порталы арқылы тіркелсеңіз, бұрынғы емханадан бекітуден шығу автоматты түрде жүзеге асырылады.

ҚР Үкіметінің Қаулысына  сәйкес азаматтарға алғашқы медициналық –санитарлық көмек:

1) шұғыл және кідіріссіз медициналық көмек көрсеткен жағдайда бекітілу айғағына қарамастан;

2) жоспарлы тәртіпте – бекітілу, алдын-ала жазылу немесе жүгіну бойынша көрсетіледі.

Шұғыл жағдайларда жүгінгенде сіз бекітуден шығу талонынсыз (оған бекітілмесеңіз де) кез келген емханада қарала аласыз, келесі келгенде жоғарыда көрсетілген құжаттарды көрсетіп емханаға тіркелу керек болады.

Егер адам денсаулық жағдайы және ауруының сипаты бойынша емханаға дәрігердің қабылдауына келе алмаса, медициналық көмек үйде көрсетіледі. Дәрігерді үйге шақыру телефон арқылы тікелей жүгіну арқылы немесе электрондық цифрлық қолтаңбасыз «электрондық үкімет» порталы арқылы онлайн жүзеге асырылады. Дәрігерді үйге шақыру туралы хабарлама түскеннен кейін тіркеу бөлімінің қызметкері бірден оған дәрігердің шамамен қай уақытта келетіні туралы хабарлайды. Дәрігерді үйге шақырғанда дәрігер шақыру  түскен күні келеді.

Категория: Новости | Просмотров: 907 | Добавил: Charodey | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]